Баланың мектепке дайындығын анықтау.

  Біз бірінші сыныпқа бала қабылдағанда оның мектепке даярлығын анықтаймыз.
Оның мақсаты - білім беру кезінде бала дамуына қолайлы жағдай жасау. Анықталған кемшіліктерді түзету жолдарын табу, дарынды балаларды анықтау.
Баланың мектепке жетілуінің деңгейін анықтаудың нақты бағасын былай беруге болады:
мектепке физиологиялық дайындығы баланың дене шынықтыру дайындығының дамуының деңгейі, оның жас ерекшелік мөлшеріне лайықты болуы, денсаулық тобы, оқыту жүйесі жағдайындағы оқушының еңбекке икемділігіне байланысты;
- мектепке психологиялық дайындығы - жас ерекшелік мөлшеріне лайықты болуы, ақыл-ойының даму деңгейі, сезімі, түрақтылығы, шыдамдылығы, табандылығы;
-     мектепке    әлеуметтік    дайындығы - баланың жеке тұлға ретінде дамуы, оның өмірге деген қарым-қатынасы (өз заттарына, ойыншықтарына, ата-анасына, кұдастарына т.б. деген қарым-қатынасы, жүріс-тұрыс ережелерді білуі, коммуникативтік дағдылары)
-   мектепке дидактикалық дайындығы - баланың оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамуы, осы кездегі оқу, жазу, санау дағдысы (тілінің дамуы, саусақ икемділігі, сан, мөлшер туралы елестетуі ж.т.б.)
Дидактикалық жүйенің қорытындысын салыстыру негізінде баланың мектепке жетілуінің деңгейі анықталады (жоғарғы, орташа, төмен, өте төмен). Баланың ақыл-ойының дамуының диагностикасын жүргізу және де қажетті оқу іс-әрекетінің дағдыларын окып танысу келесі мақсаттарға жетудің жолы.
•  Біріншіден, сол жастағы баланың да­муына лайықты мөлшердің (нормалардың) бірнеше деңгейін анықтау үшін қажет. Егер бала осы нормаларға сай болса, онда бәрі де дұрыс. Ал егер көмек қажет болатын болса, ол проблеманы сол мезетте қараусыз қалдырса, кейіннен оны шешу өте қиынға соғады.
•  Екіншіден, диагностика баланың жеке даму қабілеттілігінің ерекшеліктерін білу үшін қажет. Олардың қабілеттілігінің дамуы кей тұста жақсы, ал кейде онша емес болуы мүмкін. Баланың жеке қабілеттілігінің дамуының жеткіліксіз болуының маңызды себебі мектептегі оқу процесінде қиналуында. Ертерек анықталған «әлсіз тұстарын» түзету қажет. Мысалы, арнайы маманның көмегімен қабілеттілікті дамытуға арналған қажетті ойындарды, жаттығуларды іріктеп алу қажет.
Үшіншіден, диагностика мектепке дейінгі мекемелердің баланың дамуын қадағалаған әдіс-тәсілдердің нәтижесін бағалау үшін және мектепте мұғалімдердің оны әрі қарай қолдануы ушін қажет. Мысалы, мектеп психологі баланы оқу жылының басында және аяғында тексеруі мүмкін. Алынған салыстырмалы қорытынды бойынша біреулерде өзгерістің болғанын және тіпті болмағанын көрсетеді.
Төртіншіден, оқудың әр турлі кезендерінде кездесетін тексеруге дайындалу ушін балаларды тестердің әр түрлі формаларымен міндетті түрде алдын-ала таныстыру қажет. Диагнос­тика жүргізу кезінде балаға қолайлы жағдай жасау өте қажет. Диагностика жүргізу мектепке дейінгі баланың жанұясы үшін өз баласының жетістіктеріне қол жеткізу, сәтсіздіктері және оны тузетудің жолдарын білу үшін керек. Осы жағдайда диагностика мұғалімге баланы оқытуда бар қырынан білу үшін қажет.
Диагностиканың қорытындысына қалай қарайды? (Ата-аналармен кеңес)
Ең бастысы - ата-аналар бұл алынған қорытындыға тәуелді емес, оған жайбарақат қарайды. Ешқандай психологиялық тестер және ғылыми тапсырмалар біржақты баға бермейді, әсіресе ақыл-ойының дамуы жағдайында. Ал егер қандай да бір сұрақтар мен күмәнді жағдайлар болса, ең жақсысы маманға керінуі керек. Әсіресе, диагностиканың ең төменгі және ең жоғарғы көрсеткішіне назар аударыңыз. Егер баланың керсеткіші төмен болса, қам жемеңіз, дамытушылығын арттыратын ойындармен, жаттығулармен айналысыңыз. Мерзімді уақыттан кейін, мысалы, бір-екі айдан соң диагностиканы жүргізіңіз. Егер баланың дамуы жақсармаса, онда психолог маманына көрсеткен жөн. Егер бала жоғарғы көрсеткіш көрсетсе, онда көңіліңіз жайбарақат бола берсін. Бала акыл-ойының дарындылығымен көзге түсетін болса, онда сол дарындылыкты жоғалтып алмау үшін күресу керек. Ол үшін арнайы оқыту және дамыту бағдарламасы керек. Бүл кезде психолог пен педагогтың кеңесі көмектесуі мумкін. Әсіресе, баланың дамуының орташа көрсеткіші аландатпайды. Бірақ, өзіңіз балаңыздың ақыл-ойының дамуын одан әрі жақсарту үшін талаптануыңызға болады.
Төмендегі тестер, сурактар, шығармашылық тапсырмалар арқылы біз тек қана ата-аналардың өзінің баласына көңіл бөлуіне жағдай жасаймыз.
Баланың мектепке дайындыгының бірнеше негізгі аспектілерін бөліп көрсетеміз:
• мектепке баратын баланың денсаулығын, көктемге карай баланың психологиялық жөне физиологиялық жағдайын тексеру керек. Денсаулығында анықталған кемшіліктерді нығайтуға психолог пен бала дәрігерінің кеңесі көмектеседі. Баланың «Өзіме-өзім қамқорлық жасаймын» бағдарламасымен окушының таныс екендігін және өзін-өзі қорғаудың элементтерін білетіндігін аныктау маңызды;
• адамгершілік, тәрбиелілік сапаларының деңгейі. Еңбексүйгіштік, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы;
• өзін және өзінің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын бейнелеу өнерінде көрсете білуі (баланың «Менің отбасым» тақырыбындағы суреті)
• бірінші сынып оқушысының кажетті білімдері мен арнайы практикалық дағдылары: карапайым есептеу дағдылары, сөйлеудің фонетикалық жағынан бағытталуы, баланың жазуға саусақтарының дайындығы;
• оқу іс-әрекетінің дағдылары. Баланың мек­тепке қызығушылығының дайындығы. Мектеп ұжымында жеке тулғалар арасындағы қарым-қатынасты таба білуді бала меңгергендігі туралы ойлану қажет. Бұл жүйе бала үшін жағымды эмоциялык. ақуал және осылайша оның оқу іс-әрекетінің артуына, керісінше жағымсыз жағдай қалыптасуына әсер етті ме? Оку іс-әрекет дағдыларын өз уақытында қалыптастыру өте маңызды.
• Мектеп арқылы баланы қорқытпау керек, бірақ оны ойын-сауық ретінде де көрсетуге болмайды. Бала мектепке келгенге дейін мынаны меңгеру керек:
Мектеп - бұл керек!
 Мектеп - бұл қиын!
 Мектеп - бүл қызық!
 
     І.  Бала өзі және өзінің отбасы жайлы не біледі?
  Келесі сұрақтар берілген түсініктер деңгейін анықтауга көмектеседі:  /:.
1. Өзіңнің тегінді, аты-жөнінді, әкеңнің атын, жасыңды ата.
2. Өз үйіңнің мекен-жайын білесің бе?
3. Ата-анаңның және жақын туыстарыңның аты-жөнін ата.
4. Олар қайда жұмыс істейді ?
5. Үйіңнің телефонын, ата-анаңның, әжеңнің жұмыс телефонын есіңе түсір.
6.  Егер ата-анаң үйде жоқ болса (кешке және демалыс күндері) олар қайда болуы мумкін? Оларды қалай табуға болады?
7. Сен үлкен дукен ішінде, бейтаныс көшеде адасып кеттің. Сен не істейсің?
8.  Сен уйде жалғызсың. Сенен табанды турде есік ашуды сұрайды (мектептен, милициядан, үй басқармасынан келгендер).Сен не істейсің?
9. Өзің туралы жұмбақтарды шеш:
•  Біреуі сөйлейді, біреуі көреді, екеуі тындайды.(Тіл, көз, құлақ)
• Екі шырақтың ортасында біреу.(Мурын)
• Өмір бойы бірге жүреді, бірақ бірін-бірі қуып жете алмайды.(Аяқ)
• Егер ол болмаса ештеңе айта алмас еді. (Тіл)
  Төменгі сұрақтардың жауаптары «Өзіме-өзім қамқорлық жасаймын» бағдарламасына қарым-қатынасын және білім деңгейін анықтайды:
1.      Бала жеке бас тазалығының кунделікті ережелерін өз бетінше немесе еске түсіргеннен кейін орындайды (тіс тазалау, жуыну, аяқ-киімдерін тазалау т.б.).
  2  Таңертеңгілік жаттығуды жасауға қажеттілігі қалыптасқан ба? Бала жаттығудың денсаулыққа, бұлшық еттерін дамытуға көмегі жөнінде біле ме?
  3.  Пайдалы азық-тулік өнімдері, дәрумендер, тамақтану мәдениеті туралы білімдері қандай?
  4. Көп мөлшерде пайдалануға болмайтын азық-түлік өнімдері (қант, туз, май, т.б) зиянды әдеттер туралы хабардар болуы. Денсаулык үшін қауіпті ескірген азық-түліктің белгілері қандай?
  5.  Азық-түліктерге қарапайым гигиеналық тазартуды жүргізуді білу (алманы, апельсинді жуу)
  6. Таза ауаның пайдасы, шаң-тозаңның зияны, таза орындарда өмір сурудің қажеттілігі туралы білімдері. Осы мақсатпен пәтерді таза­лау жұмысына белсенді қатысуы.
  7.  Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсінігі (иод, бинт т.б. пайдалануды білу)
  8.  Бірнеше еркінсу тәсілдерімен таныс па?
  9.  Бала демалуды, жұмсалған энергияны қалпына келтіруді біле ме?
    II. Адамгершілік және тәрбиелік сапалардың деңгейі
  1. Мейірімділік, сергектік сезімдерін, көмекке келе білу дагдыларын тәрбиелеу
  Қайырымдылық сезімдерін тәрбиелеу кезінде басқа адамдарды, оның ішінде мүсәпір адамдарды ескеру қажет. Қиындыққа кезіккен адамдар (қариялар, мүгедектер, жетімдер т. б.) өмірі туралы ата-аналары үнемі түсінік беріп отыруы маңызды.
  Мына сұрақтар бойынша ойланыңыз: біздің балаларымыздың бізге қарым-қатынасы қалай? Адамды анасына деген қүрметіне қарай бағалау керек деп, халық бекер айтпайды. Осыған байланысты шағын эксперимент жүргізуді үсынамыз: сіздің балаңыз қайда отырады? (Суретке қараңыз)
 
 
 
  Егер сіздің балаңыз анасының қасынан орын таңдаса, әкесі өзінің баласымен қарым-қатынасы туралы ойлануына тура келеді. Егер бала ата-анасының ортасына отырғысы келсе және ол үшін сіздердің біреулеріңізден ауысып отыруды өтінсе, қуаныңыз: ол сіздерді бірдей көреді. Егер бала жеке басқа жаққа бұрышқа отырғысы келсе, бала отбасында жалғызсырайды, жабырқайды. Оған көбірек көңіл бөліңіз, жақсы көріңіз.
2. Еңбексүйгіштік деңгейі.
•   Сіздің алты жастағы балаңыздың үйде күнделікті қандай міндеттемелері бар?
•   Тапсырылған іске ынтамен кірісе ме?
•   Міндеттерін атқаруда жиі бастамалар көтере ме?
•  Жұмысты аяғына дейін орындай ма? Қиындықпен немесе қызықты ісімен кездескенде тастап жеңіл жұмысқа ауысып кетпей ме?
•  Жұмыстың сапасы: ұқыптылық деңгейі, артық қозғалыстар және мазасыздық.
•  Баланың еңбеккө қызығушылығы: көмек-тесу үшін немесе мақтау есту ушін істейді.
3.  Өзін және өзінің қоршаган ортага қарым-қатынасын бейнелеу өнерінде көрсетуі
  Бала өзінің отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасын көрсете алады. Баланың жұмысы арқылы отбасы ахуалын көруге болады. Алты жастағы балаға «Менің отбасым» тақырыбына сурет салуды ұсыныңыз.
- егер ынтамен кіріссе, онда ол өзі тұратын үйді, отбасын жақсы кереді;
- отбасының суретін салудан бас тартса, онда жағымсыз жағдайлармен байланысты.
- Кімнің суретін бірінші салса, ол бала үшін өзіне ең жақын адам;
- Көлемі бойынша ол өзін үлкен салса, өзін жоғары бағалайды;
- Керісінше кішкентай болса, отбасындағы орнының төмен екендігінің  көрсеткіші;
- Анасын үлкен, әкесін кіші салса, отбасындағы психологиялық үйлесім бұзылған. Анасының орны жоғары.
Барлық адамдар өте кішкентай болса, жүйкесі күйзелген, басылып қалған;
- Аяқтары үлкен - отбасындағы орнының белгілері;
- Аяқтары кішкентай - отбасының бағыты тұрақты емес;
-   Басы штрихталған - ата-анасына арқасымен қарап тұр, өзімен-өзі кеткен;
-  Беті жабық - бала отбасында болуды ұнатпайды;
-   Аузы, ерні үлкен, ашық түсті -ашуланшақтықтың белгісі;
-  Қыз өзінің көзін кірпіктерімен салса, ұнағысы келеді;
- Сурет салу кезінде үзіліс жасаса, өшірсе немесе салынған бейнені сызса - осы адамның алдында қорқынышты басынан кешіреді;
-  Отбасы мүшелері ұяшықтарға бөлініп тұрса, отбасы тату емес;
- Телефондардың, кілемнің болуы - баланың ұнататындығын көрсетеді;
-  Үйді жанұя мүшелерімен салу - оған барғысы келмеуді байқатады, оған қорқынышты болып көрінеді;
-  Суретте қуыршақ немесе иттің болуы - жанұяда жылылықтың жетіспеуі, бала оны ойыншықтарымен, жан-жануарлармен қарым-қатынаста іздейді;
-  Суретте кішігірім бөліктердің болуы - жақын адамдармен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;
- Қара штрихтардың көп болуы - қорқыныш байқалады;
-  Түрлі-түсті қарындаштарды пайдалану - баланың өзіне баға беруінің төмендігі, абыржуды сезінуі;
- Егер бала өзін парақтың ортасына салса, онда өзін маңызды сезінеді, төменірек салса, тіпті тәуелді екендігін көрсетеді;