Мектеп туралы ақпарат

Қысқашы мектеп тарихына шолу.

Тарихынан тағлым алмаған ұрпақтың ертеңгі тарихы болмайтыны анық. Себебі, бүгінгі күніміз – ертеңгі тарихымыз. Тарих – өткен өмір, кешкен күн. Тарих – ұлттың қалыптасу жолы, осы жолдағы ата-бабаның ұшан-теңіз еңбегі.
       Бүгінде біз тарқатқалы отырған әңгіме – №19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің тарихы. Кешегі мен бүгінгінің тыныс-тіршілігі.                                                                                          
       Жоқтан бар жасаған, жаңалық жаршысы болған, бала санасына білім сәулесін шашқан ұлағатты ұстаздар еңбегі орасан зор. Ұстаздардың еңбек жолын таныту – үлкен азаматтық борыш.
       Қазіргі №19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектептің іргетасы 1947 жылы – «Октябрьдің 30 жылдық» совхозы құрылған жылы – қаланды.                                              
       Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай сын көтермейтін дәрежеде екені ертеден белгілі дүние.  
      Бірақ халықтың жаңа өмір құруға деген құштарлығы өте жоғары еді. Қаншалықты қиыншылықтарға мойымай білімге деген талпынысын халық ешқашан өшіріп алған емес.

Тарих тағлымы.

        Алғаш 7 жылдық болып ашылған мектеп 27 жыл бойы К.Ворошилов атымен аталды. Осы мектеп басшылары болып  төмендегі ұстаз-ағартушылар қызмет етті:     Мектеп директорлары:
•1.Арсланова Р.                                  1947-1950жж (3 жыл)
•2.Егембердиев Ж.                             1950-1953жж (3жыл)
•3.Икрамов Б.                                     1953-1955жж (2 жыл)
•4.Қойбағаров А.                                1955-1956жж (1 жыл)
•5.Качкина Л.                                      1956-1959жж (3 жыл)
•6.Айнақбаев Р.                                  1959-1961жж (2 жыл)
•7.Петровская Р.                                 1961-1963жж (2 жыл)
•8.Издибеков Ж.                                 1963-1965жж (2 жыл) .

Издибековтің басшылығы кезінде 1964 жылдан мектеп Н.К.Крупская атымен аталды.

•9. Аблаев Н.                         1965-1967жж (2 жыл)
•10.Изеев К.                         1967-1970жж (3 жыл)
•11.Нистеренко Н.И            1970-1974жж (4 жыл)
•12.Исабеков У                    1974-1989жж (15 жыл)
•13.Датқабаев С                   1989-2002жж (13 жыл) .

Тәуелсіздіктің арайлаған ақ таңы атып - 1994 жылдан бастап мектеп М.Мақатаев атымен аталды.

•14.Ахметова К.                   2002-2005жж (3 жыл)
•15.Шырымбекова Б          2005-2008жж (3 жыл)
•16.Шакенова Л.                2008-2010жж (2 жыл)
•17.Тиленшиев Т.               2010-2011жж (1 жыл)
•18.Алшынбекова А           2011 ж

Мектептің әр жылдардағы  жетекшілері мен жетістіктері.



• Әрбір басшының әсіресе ағарту саласына жетекшілік ететін азаматтардың көтерер жүгі – нар жүгі болып есептеледі. Сондай нар жүгін арқалаған аптал азаматтың бірі – Исабеков Умирзақ.
•Умирзақ ағай 1974-1989 жылдар аралығында мектеп директоры қызметінде жүрген кезінде талай шәкірттерін қанаттандырып, өмір жолына шығарып салды .




1989-2002 жылдар аралығында барлық уақытта жаңалыққа жаны құмар, ұлтжанды Датқабаев Сансызбай ағай тәуелсіздік таңы алдында 1989 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Крупская атындағы негізгі мектебіне директор болып тағайындалды. Мектеп жанынан оқу ғимаратын салдыруға қол жеткізіп, бірде-бір қазақ сыныбы жоқ, бірақ оқушылардың 70 пайызы қазақ балалары болса да орыс сыныбында оқитын және орыс тілді мектебі аталатын мектепті қазақ тілді мектебіне айналдырып балалардың өз туған ана тілінде білім алуына мүмкіндік жасап, Крупская деген мектеп атын қазақтың біртуар ақыны М.Мақатаев атына ауыстырды.



•2002-2005 жылға дейінгі аралықта Ахметова Гүлжайна мектеп директоры қызметін атқарды. Осы жылдары өз ұжымының кадрлық жағын көтеріп, білім сапасын көтеруге мол үлес қосты.




•   2005-2008 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған Шырынбекова Бибігүл ескі мектеп үйін әрлеп, сәндеуге көп күш қайрат жіберді. Ең алдымен мектепті көгалдандыру ісінде жасаған еңбегі орасан екенін айта кеткіміз келеді. М.Мақатаевтың 75 жылдығы қарсаңында аудан көлемінде семинар өткізіп, ақынның бюстін мектеп ауласына орнатты .



•2008-2010 жылдары мектепке жетекшілік еткен Шакенова Ләйла 2 жыл ішінде өзінің нағыз зиялы да мәдениетті басшы, талантты педагог екендігін танытты. Әрбір мұғалімнің білімі мен тәжірибесін саралап, оқушыны өнер мен білімге баулыды.





•    Мектеп ұжымына 2010-2011 жылдар аралығында басшылық жасаған Тіленшиев Таңсықбай Тұржігітұлының шебер де, табанды басшылығының арқасында жаңа мектеп іргетасы қаланып, зәулім мектеп ғимараты бой көтерді. Ол – заманына қарай амал жасаған, өте ізденімпаз ұстаз, талапшыл басшы өз ісінің қас шебері десе де болғандай






•2011 жылдан бастап мектепті Алшынбекова Ақмарал Жұмабайқызы басқарып келеді. Көп жылдан бері білім беру мен ағарту саласында жүрген ұлағатты ұстаз мектеп ұжымына басшы болып келгелі – ел-жұрттың көптен күткен қуанышы – жаңа  мектеп ғимараты бой көтерді. Халықтың көптен күткен арманы орындалып  мәселе өз шешімін тапты.

•  Ол – заманына қарай амал жасаған, өте ізденімпаз ұстаз, талапшыл басшы өз ісінің қас шебері десе де болады.



Жаңа мектеп – жауапкершілік жүктейді.

•Облыстық бюджет есебінен еңсесі биік, заман талабына сай жаңа технологиямен жабдықталған, 300 орындық мектеп. Жаңа мектеп 2012 жылы ақпан айында ашылды. Мектептің 81 орындық мәжіс залы, толық жабдықталған спорт залы, екі компьютерлік сыныбы, асханасы бар. Жаңа  ғимарта оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге толық мүмкіндік бар.


М. Мақатаевтың әдеби -мемориалдық музейі.

Мектепте 2012 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерғанатова Айгүлдің бастауымен М. Мақатаевтің мимориалдық музейі ашылды. Музейде 100 -ден астам естеліктер.

Мектепте  барлығы 45 мұғалім  еңбек  етеді. Оның ішінде  жоғары  білімді -41 (99%), аяқталмаған жоғары -2.
  Жоғары  біліктілік санатты -2, І біліктілік  санатты – 9, ІІ біліктілік  санатты -20, өз  қызметіне  лайықтылар -13,  яғни ұжымның  сапалық  құрамы 43 % . 
  Маман  кадрлармен  қамтамасыз етілуі -100%.


Мектептің әдістемелік тақырыбы.

•Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру және оқытудың жаңа технологияларын ендіру, бағдарлы оқытуды жүзеге асыру.
•Мақсаты.
-         Жеке тұлғаны дамыту.
-         Әлеуметтік және жеке мәдени құндылықтарды қалыптастыру.
-         Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
-         Шыдамдылыққа және сыни көзқарасқа тәрбеилеу.
-         Өзінің дамуын қамтамасыз ету.

Тәрбие жұмыстарына талдау.

•Қылмыстың алдын алу, жасөпірімдер арасында қылмысты болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы
•«ЖҚТБ мәселесі және оны алдын алу» бағдарламасы бойынша.
•Діни экстремизмнің және тероризмнің алдын алу жұмыстары.
•Патриоттық тәрбие бойынша атқарылған жұмыс туралы.
•Жастар қозғалысы, «Болашақ» ұйымы, аула клубтары,
үйірме жұмыстары
•Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
•Үйірме жұмыстары
•Ата-аналар комитеті мен ата-аналардың қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы
•Қазақстан Республикасы мемлекеттік Рәміздері туралы
Жасөспірімдер арасында өмір қауіпсіздігін сақтау(суицид).